ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 11 желтоқсан күні Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

             

Кеңес барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Күн тәртібінде өңірдегі аграрлық секторды дамытудың перспективалары мен өзекті түйткілдері туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Тимур Абдуллин баяндама жасады.
Баяндамашы ауыл шаруашылығы саласының қазіргі ахуалына тоқталып, өндірісті арттыру, мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалану және саланы одан әрі дамыту бағыттары жөнінде мәлімет берді.

Сондай-ақ Кемпірсай және Степной ауылдық округтерінің әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары туралы аталған округтердің әкімдері хабарлама жасап, елді мекендерде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндады.

Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасып, өз ескертулері мен ұсыныстарын білдірді. Талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, жауапты органдарға нақты ұсыныстар жолданды.

Қарғалы-АҚПАРАТ