АУДАН БЮДЖЕТІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихат жанындағы тұрақты комиссиялардың отырысы және аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXXXI сессиясы өтті.

Жиынға аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым өкілдері, сондай-ақ аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.

Отырысқа аудандық мәслихаттың төрағасы Сапарбек Аманжолов төрағалық етіп, күн тәртібіндегі негізгі мәселені таныстырды. Атап айтқанда, Қарғалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №253 «2025–2027 жылдарға арналған Қарғалы аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.

 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Арман Искаков баяндама жасады.

Баяндамашының айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес енгізіліп отыр. Сонымен қатар, 2025 жылғы мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша үнемделген қаражаттар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдеріне сәйкес бөлінді.

Сессия барысында аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев сөз сөйлеп, аудан өміріне қатысты өзекті мәселелердің кезең-кезеңімен қаралып, нақты шешімдер қабылданып жатқанын атап өтті. Сонымен бірге, қабылданатын шешімдердің халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және өңірдің тұрақты дамуына бағытталуы маңызды екенін жеткізді.

Қарғалы-АҚПАРАТ