Кітапханашылар құрмет төрінде

Кітапханашылар меркесіне орай аудандық орталық кітапханасының  жинақтау және толықтыру бөлімінің меңгерушісі Светлана Сахановская Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісімен, ал орталықтандырылған кітапхана жүйесінің әдіскері Анар Байсеупова ҚР Ұлттық кітапханасы Қазақстандық кітапханалық одақ төрағасы Б.Оспановадан «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталды.

    Аудандық орталық кітапханасының     жинақтау   және толықтыру бөлімінің   меңгерушісі  Светлана Сахановская

 

Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің әдіскері Анар Байсеупова

Аталмыш мереке аясында облыста «KITAP – сөз маржаны, KITAPHANASHY – ой адамы» атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты шараны облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Ораққызы ашып беріп, кітапхана қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.
Сондай-ақ, шара барысында кітапхана саласын дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін кітапхана қызметкерлері «Мәдениет саласының үздігі», «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы», «Кітапхана ісінің ардагері» және де ҚР Мәдениет министрлігінің, облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

 

Аталмыш мереке аясында кітапхана саласының дамуына үлес қосқан біздің аудандық орталық кітапхананың кітапханашылары да құрмет төрінен көрінді.

Кітапханашы — бүгінде тек оқырманға кітап беріп қана қоймай, рухани байлығымыздың бай қорын сақтаушы, насихаттаушысы болып табылады. Сондай-ақ, кітап оқитын ұлттың руханияты да, мәдениеті мен әдебиеті де берік болады. 

Міне, сондықтан да, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кітапханалар мен кітапханашылардың жағдайына, заманауи сапасына, ақылды ұлт қалыптастыру жолындағы жоспарына ерекше маңыз қойып, тоқталып отыр. 

Гүлжазира МЫРЗАБЕКОВА.