«Кieli Tabigat» экологиялық акциясы Қарабұтақта өтті

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2023 жылғы 16 қыркүйек күні республикалық «Кieli Tabigat» экологиялық акциясы өтті.

Акцияның мақсаты-сакралды аймақтарды тазалау, қалпына келтіру, сақтау және экологиялық мәдениетті арттыру болып табылады.

Акция аясында Жастар ресурстық орталығы қызметкерлері, аудан мектептерінің волонтерлары және Бадамша агротехникалық колледж студенттері, «Жасыл ел” еңбек жасақтарынан құралған жалпы 30-дан астам жастар белсенділік танытты. Олар Қарабұтақ ауылындағы ХІХ ғасырда салынған Нұрпейіс Хазірет мешіті аумағында сенбілік өткізді.

«Кieli Tabigat»  экологиялық акциясы аясында Нұрпейіс Хазірет мешітінің айналасында сенбілік ұйымдастырылды. Киелі күмбезді ғимараттың айналасын қоқыстан, арам шөптен тазартсақ, қыздарымыз мешіттің ішін шаңнан тазартып, сүртті. Біз оқушылар, студенттер, белсенді волонтерлер және экологияға жаны ашитын жанашыр жандар болып ауылға келдік. Акцияның мақсаты – киелі орындарымызды таза ұстауға шақырып, экологияға мейірімділік таныту, — деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Нұрпейіс хазірет – белгілі дінбасы, қоғам қайраткері, діни сауаттылығымен қатар араб, парсы тілдерін меңгерген ғұлама, ғалым. Облыста ислам дінін таратуға зор үлес қосқан әулие адам болған.

Сенбілік соңында Кемпірсай ауылдық округі әкімі Нұралы Әнесұлы, киелі жердің тазалығына қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта осындай акциялардың жалғаса беретіндігіне сенім білдірді. Шараға қатысушылары «Керемет», «Жасмин», «Замира» дүкендері ұсынған  астан дәм татып,  қуанышты көңіл күйде тарқасты.

Тілек БЕГАЙДАРОВ.