Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖІ

Әскери колледж — техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, шет тілдерін тереңдете оқытатын, дене даярлығы күшейтілген әскери оқу орны.

Мамандықтар:

1) «Байланыс, радиоэлектроника және коммуникация құралдарының технигі» біліктілігін бере отырып «Әскери істегі автоматтандыру және инфокоммуникациялық технологиялар» мамандығы;

2) «Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану және жөндеу жөніндегі техник» біліктілігін бере отырып «Қару-жарақ пен әскери техникаға техникалық қызмет көрсету» мамандығы;

3) «Инженерлік-саперлік бөлімшелерді басқару» біліктілігін бере отырып «Кіші буын менеджменті» мамандығы;

4) «РХБҚ әскерлерінің бөлімшелерін басқару» біліктілігін бере отырып «Кіші буын менеджменті» мамандығы.

Әскери колледждің мақсаттары мен міндеттері

Әскери колледждің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің сержанттар құрамы лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру үшін кіші командалық құрамның кадрларын даярлау болып табылады.

Әскери колледждің негізгі міндеті: кадеттердің ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған техникалық кәсіптік білім алуы үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Білім алушылар әскери колледждің жатақханасында бөлмеде 3-4 адамнан тұрады.

ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖДЕ ОҚУ:

Мемлекет қаражаты есебінен тегін жүргізіледі.

Оқу кезеңінде мыналар қамтамасыз етіледі:

— күніне 4  рет тамақтанумен;

— киім-кешек мүліктерімен;

— кеңсе керек-жарақтарымен және оқу құралдарымен;

— оқудың барлық кезеңіне тұрғын үймен;

— медициналық қызмет көрсетумен.

3 -курста шәкіртақы төленеді.

3-курста әскери ант қабылдайды және белгіленген мерзімге сержанттар құрамының лауазымдарында оқуға және әскери қызмет өткеруге келісімшарт жасасады.

ЖЕТІСТІКТЕРІ:

— мансаптық өсу;

— әскери қызмет өткеру барысында, оның ішінде шетелдік әскери оқу орындарында біліктілігін тұрақты арттыру;

— елдегі жоғары оқу орындарына түсетін болса оқу құнының 50% — ын төлеу;

— отбасының әрбір мүшесіне қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету немесе ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алу;

— тегін медициналық қамтамасыз ету, оның ішінде отбасы мүшелері;

— мектепке дейінгі мекемелерге (балабақша) балаларын кезектен тыс орналастыру;

— 45 – 47 шектік жасы бойынша зейнеткерлікке шығу мүмкіндігі;

— толық мемлекеттік қамтамасыз ету.

Негізгі орта білім базасында  (9 сыныптан) оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай.

Қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өткен түлектерге техникалық кәсіптік білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом, автокөлікті жүргізу курсын аяқтағаны туралы куәлік, «кіші сержант» әскери атағын берумен әскери билет беріледі.