Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖІ

ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖГЕ ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ:

1) оқуға түсетін жылы он бес жасқа толған, бірақ он жеті жастан аспаған азаматтар;

2) оқуға түсуші қабылдау жылының 1-5 тамызын қоса алғандағы  Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжге ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) келеді және қабылдау туралы өтініш береді;

3) азаматтарды Әскери колледжге қабылдау 1-20 тамыз  аралығында мынадай кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:

I  кезең — кәсіби-психологиялық іріктеу;

II кезең — әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес түпкілікті медициналық куәландыру;

III кезең — дене дайындығын тексеру;

IV кезең — конкурстық іріктеу және оқуға қабылдау.

Оқуға түсушілер әскери колледждің қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Белгіленген үлгідегі өтініш;
  2. Туу туралы куәлік (салыстыру үшін түпнұсқа);
  3. Негізгі орта білім туралы куәлік (түпнұсқа және көшірме);
  4. Азаматты медициналық куәландыру картасы (075-У нысаны)

Медициналық құжаттар мен медициналық зерттеулердің нәтижелері:

1) медициналық ұйымнан есепте тұрғаны туралы мәліметтер;

— туберкулезге қарсы диспансерден анықтама

(тұрғылықты жері бойынша);

— психоневрологиялық диспансерден анықтама

(тұрғылықты жері бойынша);

— тері-венерологиялық диспансерден анықтама

(тұрғылықты жері бойынша);

— наркологиялық диспансерден анықтама (тұрғылықты жерінен);

— наркотесттің нәтижесі;

2) созылмалы аурулар және соңғы он екі ай ішінде ауырған инфекциялық және паразиттік аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрғаны туралы мәліметтер;

3) есепке алу және есептік құжаттама нысанына сәйкес құжаттар: амбулаториялық пациенттің медициналық картасы, профилактикалық егулер картасы;

4) азаматтардың денсаулық жағдайын сипаттайтын басқа да медициналық құжаттар, рентгенограммалар (Мұрынның қосалқы қуыстарының рентгенографиясы, егер майтабан болса, табанның рентгенографиясы), зерттеудің арнайы әдістерінің хаттамалары;

5) медициналық куәландыру басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен ерте емес жүргізілген медициналық зерттеулердің нәтижелері:

— жалпы қан талдауы;

— мерезге микропреципитация реакциясы (микрореакция);

— жалпы несіп талдауы;

— ЭКГ тыныштықта (жүктемеден кейінгі);

— кеуде қуысының мүшелерін 2 проекцияда флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу (медициналық куәландыру күнінен үш айдан ерте емес);

— эхокардиография.

  1. Соттылығының болмауы туралы анықтама не Ішкі істер органдарында (ювеналдық полицияда) есепте тұрмағаны туралы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшеден қосымша анықтама.
  2. Спорттық разрядты, республикалық немесе халықаралық жарыстарда, ағымдағы жылғы орындаушылар байқауында, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадада, сондай-ақ Президенттік не ағымдағы жылы республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадада алған жүлделі орынды растайтын құжат (болған кезде).
  3. Көлемі 3х4 см фотосурет — 4 дана.

 

  1. Ата-ана құқығын шектеуге немесе одан айыруға, ата-анасы хабар-ошарсыз кеткен деп танылуға, қайтыс болған деп жариялауға, әрекетке қабілетсіз (әрекетке қабілеті шектеулі) деп танылуға байланысты жетім балалар мен жалғыз басты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған балалар; сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған басқа да жағдайда ата-анасының қамқорлығынсыз қалу фактісін растайтын мынадай құжаттардың біреуінің көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны) қосымша ұсынады:

— ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік;

— ата-анасының ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі;

— ата-анасы хабар-ошарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болды деп тану немесе әрекетке қабілетсіз (әрекетке қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі.

 

  1. Әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан немесе мүгедек болған, қызмет өткеру уақытында хабарсыз кеткен әскери қызметшілердің балалары тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органынан анықтама ұсынады.

 

Біздің мекен-жайымыз: 

Қазақстан Республикасы, 010000,

Астана қ., Қорғалжын тас жолы 16/1

тел: +7 7172 27 38 53, +7 708 970 38 53,  +7 701 674 0996

инстаграм: militarycollege

сайт: voencollege.mil.kz