Қазақстан аграрлық ел ретінде ауыл шаруашылығын дамытуға үнемі баса назар аударып келеді

Төлеуов Аманғос Сансызбайұлы,

«Степное» ЖШС директоры

Президенттің Жолдауында айтылған қолдау көлемінің ауқымдылығы бұрын-соңды болмаған жағдай. Бұл ауыл еңбеккерлеріне үлкен сенім мен мүмкіндік береді. Алайда ауыл шаруашылығының әлеуетін толық ашу үшін басқарудың жаңа үлгісін қалыптастыру қажет. Әрбір өңір өзінің ерекшелігіне сай өндірістік тізбекті жолға қоюы – стратегиялық маңызы бар қадам. Мысалы, бір аймақта мал шаруашылығына басымдық берілсе, енді бірінде егін шаруашылығы немесе көкөніс өсіру саласы дамуы мүмкін. Осы ерекшеліктерді ескеріп, дайын өнімді тұтынушыға дейін жеткізетін жүйе қалыптастыру арқылы нарықтағы тұрақтылық қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығына цифрландыруды енгізу – еңбек өнімділігін бірнеше есе арттырады. Мұндай жағдайда шаруалар өз еңбегінің тиімділігін сезініп, ауылда қалуға ынталанады. Бұл – ауылдан қалаға жаппай көшу үрдісін де бәсеңдететін жолдардың бірі.