Қазақ тілі – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Тіл – бірлігіміздің негізі, халқымыздың ұлттық байлығы. Елімізде тілді құрметтеу аясындағы іс-шаралар жалғасын табуда. Мақсатымыз – көптілділік, ана тіліміз – қазақ тілі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі – Конституция) 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.

Әрбір Қазақстан азаматы қазақ тілін, қажетіне қарай басқа тілдерді білуге ​​міндетті. Орыс тiлi ерекше мәртебесiнен айырылуы керек және оны мемлекеттiк тiлмен тең дәрежеде қолдануға болмайды. Ал, тіл мәселесі еліміз үшін өзекті болып қала береді.

«Тілге деген көзқарас, шын мәнінде, халыққа деген көзқарас. Сондықтан бей-жай қалмауымыз керек.

Қазақ тілі – әлемдегі мағынасы көп, синонимдік тіркесі мол, сөйлеу стилі сұлу, ерекше тіл.

Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, нағыз мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеріледі, елімізді Қазақ мемлекеті деп атаймыз», – деді Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

 

Анар ЖЕНСИКБАВА,

   аудандық сотының аға сот приставы