Қауіпсіз бақытты балалық шақ

Балалар еліміздің болашағы сол себепті, балалардың қауіпсіз және жарқын болашағын қалыптастыру біздің міндетіміз болып табылады.  Осы ретте, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың жұмыс аптасында Аудан прокурорының міндетін атқарушы Арман Конырбаевтың төрағалығымен “Қауіпсіз бақытты балалық шақ” тақырыбында жиын өтті.

Аталған жиынға барлық мемлекеттік органдар, атап айтқанда білім бөлімі,  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ішкі саясат бөлімі, аудандық полиция бөлімі қызметкерлері, пробация қызметі, аудандық аурухана бас дәрігері, жастар арасындағы дін істері және психолог мамандары қатысты.

Кездесу барысында аудан прокурорының міндетін атқарушы аталған тақырып аясында мобильді жұмыс тобын құрып, аудан аумағында тұратын қолайсыз отбасылармен, полиция органдарында есепте тұратын тұлғалармен қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша тікелей жұмыстар жүргізу қажеттігін жеткізді.

Кездесуде арнайы мобильді жұмыс тобының тікелей жауапты тұлғалары бекітіліп, есепке алынған отбасылармен жұмыстар жүргізу келісілді.

Сонымен қатар, қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ аудан тұрғындарының мәселелері бойынша аудан прокуратурасы күнделікті қабылдау жұмыстарын жүргізетіндігін хабарлайды.

 

Қарғалы аудандық прокуратурасы

 

 

 

ТегтерКездесу