ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕН САҚТАНУ ЖАЙЫ СӨЗ БОЛДЫ

ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕН САҚТАНУ ЖАЙЫ СӨЗ БОЛДЫ

Адам өмір сүруінің ұзақтығы және халық дәулетінің өсуімен қатерлі ісіктерді анықтаушылықтың артуымен ерте диагностикалауды енгізу мен осындай аурудың өрбу тенденциясын төмендету еліміз үшін маңызды. Ендеше еліміздегі ақ халаттылардың қатерлі ісіктің алдын алу барысындағы түсінік, жұмысын жүргізіп, ақпараттандырудың да маңызы зор.

Солардың бірі қаңтар айының 27 жұлдызында аудандық емханада нәзік жандыларға арнайы өткізілген түсінік жұмысы. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының қарарына сай, аудандық ауруханаларда «Салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинеті» халыққа денсаулығы барысында ақпараттық түсінік жүргізуде.

ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕН САҚТАНУ ЖАЙЫ СӨЗ БОЛДЫ

Біздің аудандағы аталмыш кабинет жетекшісі Самат Мухтасаров, мамандары мен осы жолғы емханадағы кездесуде әңгіме барысын әйелдер қауымын мазалап жүрген «Жатыр мойыны обырының алдын алу» барысында аудандық аурухананың акушер-гинекологі Саяжан Исаева өз түсінік жұмысында аурудың алдын алу бойынша тоқталып өтті. Дәрігердің қысқаша түсінік мәтіні; Жалпы «Жатыр мойыны обырының» еске сақтар қарапайым 11 себебі бар, бәрін айтпайық темекі шегу, мәнсіз төсек қатынасынан бастап, әйелдердің әлеуметтік төменгі статусы, онкологиялық ауруларға соның ішінде жатыр мойынының обырына тұқымдық белсенділігі барын еске сала келе, жатыр мойыны обыры әйелдердің ең көп кезігетін онкологиялық аурудың үштігіне енетіндігін еске салып, алдын ала сақ болуға да шақыра, пікір алмасып, сұрақтарға жауап бере отырды.

Кездесуден әсер алған әйелдер қауымы сақтыққа шақырғаны үшін Саяжан Исаеваға ризашылықта, алғыстарын білдіре тарасты.

Бақыт Имашев.