Қарғалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ  

2024 жылғы  2 маусымдағы  Қарғалы  ауданының  Бадамша және Степной ауылдық округтері, Шәмші Қалдаяқов ауылы әкімдерін сайлау үш сайлау округі бойынша өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес  учаскелік сайлау комиссияларының Қарғалы  ауданының Бадамша және Степной ауылдық округтері, Шәмші Қалдаяқов ауылы әкімдерін сайлау  нәтижелері туралы хаттамалары  негізінде Қарғалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын  шығарды:

Бадамша сайлау округі

Бадамша ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау  округі бойынша сайлаушылар тізіміне –  3931 азамат енгізілді, олардың – 2830 дауыс берді.Жарамсыз бюллетеньдер саны —4,«Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны —4.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: 

Абдуллин Т.С.-677, Дабилдин Е.Е. —1960, Ұлықпанов А.Е.-185.

Ернар Ерболатұлы Дабилдин — 1984 жылы дүниеге келген, «Бадамша ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылдық округі Бадамша ауылының тұрғыны, Бадамша ауылдық округінің әкімі болып сайланды, қазақ, «АМАNAT» Партиясы» ҚБ  ұсынылған.

 Степной сайлау округі

Степной ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау  округі бойынша сайлаушылар тізіміне – 616 азамат енгізілді, олардың – 536 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны —0,«Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны  — 0.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:                                                                      Жұмашев Е.С. — 36, Новиков Г.Г. — 41, Нуредилова Г.Ғ. — 459.

Гүлмайра Ғабділғазизқызы Нуредилова — 1971 жылы дүниеге келген, «Степной ауылдық округі әкімінің аппараты»ММ әкімі, Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Степной ауылдық округі  Степной  ауылының  тұрғыны, Степной ауылдық округінің әкімі болып сайланды, қазақ,  «АМАNAT» Партиясы» ҚБ  ұсынылған.

Шәмші Қалдаяқов сайлау округі

Шәмші Қалдаяқов ауылы әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау  округі бойынша сайлаушылар тізіміне – 1002 азамат енгізілді, олардың – 792 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны —1,«Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны  — 1.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:                                                                      Алтаева Г.Ж. — 110, Изтлеуов С.С. — 625, Митанов А.Ж. — 55.

Самат Советұлы Изтлеуов — 1981 жылы дүниеге келген,жұмыссыз, Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы  Шәмші Қалдаяқов  ауылының  тұрғыны, Шәмші Қалдаяқов ауылының әкімі болып сайланды, қазақ, «АМАNAT» Партиясы» ҚБ  партиясы ұсынылған.

                                         Қарғалы аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы

ТегтерСайлау-2024