«Европа-Азия» республикалық туристік фестивалі

2023 жылдың 21-23 қыркүйек аралығында Орал қаласында «Евразия» туристік-сауықтыру кешенінде Халықаралық Туризм күніне арналған білім қызметкерлері арасында «Европа-Азия» республикалық туристік фестивалі өтті.

Аталмыш іс – шараға аудандық Туризм және Өлкетану орталығының ұжымы педагогтері командасы да бақ сынасқан болатын. Фестивальдің мақсаты-педагогтердің туристік және кәсіби шеберліктерін шыңдау, Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, білім қызметкерлері арасында туристік-өлкетану қызметі бойынша озық тәжірибені айқындау және насихаттау.

Осы орайда аудандық Туризм және Өлкетану орталығының педагогі Қымбат Тасымовадан «Европа-Азия» республикалық туристік фестивалінің өткізілуі жайында мән-жайды сұраған едік.

— Фестиваль ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология облыстық орталығы офлайн форматта өткізді. Сондай-ақ, фестиваль қашықтықтар мен байқаулар бойынша өткізілді. Атап айтар болсақ,  «Техникалық қашықтық», «Байлам қашықтығы», «Өткелдер қашықтығы», «Спорттық лабиринт қашықтығы» сынды тапсырмалар негізінде бақ сынады. Нәтижесінде шара соңында байқауға қатысқан біздің  Туризм және Өлкетану ұжымының педагогтері ҚР оқу – ағарту министрлігінің  арнайы Сертификаттарымен және де Туризм және Өлкетану орталығының директоры Айгүл Әлібайқызының, «Экологиялық-туристік қозғалысы» төрағасы Е.Тарасенконың  дипломдарымен  марапатталды,-дейді.

 

Қарғалы-АҚПАРАТ.