Желтоқсан айының үшінші жексенбісінде елімізде Энергетиктер күні аталып өтеді. Осыған орай өткен аптада аудан әкімі Асқар Жүсібалиев ауданымыздағы энергетика саласы қызметкерлерімен кездесіп, төл мерекелерімен құттықтады.
Аудан басшысы жиналғандарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай келе Салимжан Базбеков, Ляззат Калмаганбетова, Тагаберген Байменов, Гулбаршын Айтжанова, Нурбек Джакибаев, Светлана Титаренко, Юля Деримедведь сынды бірқатар энергетика саласы қызметкерлерін өз атынан Алғыс хаттармен марапаттап, құрмет көрсетті.
Сондай-ақ, олардың ел дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген еңбектері жайында сөз қозғап, аталмыш салада еңбек етіп жүрген барлық ұжым мүшелерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, өзінің жүрек жарды тілегін жеткізіп, алғысын білдірді.
Қарғалы-АҚПАРАТ