ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯ ӨНЕРЛІ БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАДЫ

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯ ӨНЕРЛІ БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАДЫ

Бадамшадағы Мәдениет үйінде «Arm Wind» (ENI) халықаралық энергетикалық компаниясының қолдауымен балғын бишілер байқауы өтті. Байқауда Қарғалы аудандық балалар өнер мектебінің хореография бөлімінің оқушылары өзара сынға түсті.

Баламалы энергия көздерімен айналысатын «Arm Wind» (ENI) халықаралық энергетикалық компаниясы аудандық өнер мектебімен 2020 жылдан бері әріптестік орнатып, шығармашыл оқушылардың өнерін қолдап келеді. Аталған компания 2021-2022 жылдары көркемсурет және театр бөлімдерінің оқушылары арасында байқау ұйымдастырды. Ал, биыл хореография бөлімінің балғын бишілерінің өнерін тамашалап, қадамына сәттілік тілеп, құттықтауға компанияның бір топ өкілі келді.

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯ ӨНЕРЛІ БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАДЫ

Байқау соңында ұйымдастырушылар тарапынан Arm Wind компаниясының атқарушы директоры Алекс Стиллавато сөз сөйлеп, кішкентай қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар Надежда Авдеева, Шахид Анвар, Даниеле Пульеро, Нұрсұлтан Жүргимбаев сынды компания өкілдері шара соңында ұстаздарға алғыстарын айтып, өнерлі оқушыларға ризашылығын білдірді. Өнерлі балақайларға ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Шара соңында Қарғалы аудандық балалар өнер мектебінің директоры Айнагүл Мамбетова келген қонақтар мен ұйымдастырушыларға ұжым атынан оқушылар атынан алғыс айтты. Оқушылар компания өкілдерімен естелік суретке түсті.

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯ ӨНЕРЛІ БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАДЫ

— Біз сіздермен алдағы жаз мезгілінде тағы да жүздесуді жоспарлап отырмыз. Бұған дейін де сіздердің салған суреттеріңіз бізді таңқалдырса, енді міне, жоғары деңгейдегі би өнеріне таң — тамаша болдық. Сіздердің болашақтарыңыз өте зор. Болашақтарың жарқын болсын! Біз сіздермен байланысты үзбейміз, — деді компания директоры Алекс Стелловато өз сөзін шығармашыл, дарынды оқушыларға арнап. Сосын өнерлі оқушыларды жел электр станциясына экскурсияға шақырды.

Алдағы жазғы маусымда аудандық өнер мектебі аталған компания өкілдерімен бірлесіп, көптеген шаралар жоспарлап отыр.

Салтанат Малдыбаева.