Егемендік пен аумақтық тұтастық жаңа Конституцияның мызғымас құндылығы Жаңа Конституция жобасы қоғам мен мемлекет дамуының стратегиялық міндеттеріне сәйкес келеді.

Конституциялық комиссия бүгін жаңа Конституция жобасын жариялады. Оның басты ерекшеліктерінің бірі – Қазақстанның Егемендігі мен Тәуелсіздігі, унитарлығы және аумақтық тұтастығының мызғымастығы өзгермейтін құндылықтарға жатқызылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жарияланған Конституция жобасы – қоғам тарапынан кең әрі қызу талқылаулардың, азаматтар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, құқықтанушылар мен сарапшылардың кең ауқымды пікірталастарының нәтижесі. Талқылауға бейжай қарамайтын азаматтар да қатысып, жалпы саны 2 мыңнан асқан өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын e-Otinish пен eGov порталдары арқылы жіберген.
Жаңа Конституция жобасы қоғам мен мемлекет дамуының стратегиялық міндеттеріне сәйкес келеді. Ол Қазақстанның қалыптасқан мемлекеттілігінің негіздерін қайта бекітумен бірге, «Мықты Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасының логикасына да толықтай сай келеді. Конституция жобасында белгіленген ережелер мемлекет пен қоғамның жаңа эволюциялық кезеңін бастауға негіз қалайды.
aikyn.kz




