«Әділет» партиясының мүшелері елдің энергетикалықәлеуетін арттыру мәселесін талқылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихикезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстанхалқына Жолдауында қазіргі кезеңді «электр дәуірі» депатады. Мемлекет басшысы «Қазақстан өзінің шикізаттықартықшылығын энергетикалық және технологиялықтұрғыдан өрлеу үшін пайдалануға тиіс екендігін, бұл – айрықша маңызды міндет» екенін атап өтті. «Әділет» партиясының мүшелері Айгүл Дүйсенова мен АлмасЖолдасов Ақтөбе қаласындағы «Динар-Электромаш» ЖШС еңбек ұжымымен кездесуде Жолдауда айтылған осы жәнебасқа да мақсат-міндеттерге тоқталды.

Айгүл Дүйсенова Жолдауда энергетика саласын дамытумәселесіне басымдық берілгенін атап өтті. Президент электр энергиясының жеткілікті болуы әр мемлекеттіңбәсекеге қабілеттілігі мен экономикалық дербестігінайқындайтын шешуші факторға айналғанын айтты. Осығанбайланысты Мемлекет басшысы 2029 жылға қарайҚазақстан қуат көзін артығымен өндіретін деңгейге жетуікеректігін тапсырды. Бұл үшін жаңа электр станцияларынсалу, қолданыстағы нысандар мен электр желілерінжаңғырту, таза көмір генерациясын дамыту жәнежаңартылатын энергия көздерін кеңінен пайдалануқажеттігін атап өтті.

— Энергетика – экономиканың барлық саласыныңтұрақты жұмыс істеуіне негіз болатын сала. Электр қуатытапшылығы өндіріс орындарының дамуына, жаңакәсіпорындардың ашылуына және инвестициялықжобалардың жүзеге асуына әсер етуі мүмкін. Сондықтанэнергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту, электржелілерінің өткізу мүмкіндігін арттыру және жаңа қуаткөздерін іске қосу мәселелері өзекті. ПрезиденттіңЖолдауда осы бағыттарға басымдық беруі еліміздің ұзақмерзімді экономикалық дамуы үшін маңызды, – деді АйгүлДүйсенова.

Алмас Жолдасов Мемлекет басшысы айқындағанинфрақұрылым және экономикалық даму, инвестициялықахуалды жақсарту және бизнеске қолайлы жағдай жасау, өнеркәсіпті әртараптандыру, әлеуметтік саясат, ауылшаруашылығын дамуты бағыттары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ ол Жолдауда атом энергетикасын дамытуға, жаңаатом электр станцияларын салуға және осы салаға қажеттімамандар даярлауға ерекше мән берілгенін айтты. Бұл реттежоғары технологиялық өндірістерді дамыту, шетелдіксеріктестермен тәжірибе алмасу және отандықмамандардың біліктілігін арттырудың маңызы сөз болды.

Айта кетейік, «Динар-Электромаш» ЖШС электротехникалық жабдықтар мен кабель-сым өнімдерінжеткізуге маманданған. Кәсіпорын басшысы Сергей Вишняк Жолдауда айтылған энергетикалықинфрақұрылымды дамыту, электр желілерін жаңғырту жәнежаңа қуат көздерін іске қосу міндеттерінің маңызын атапөтті. Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар энергетика саласының тұрақты дамуына және кәсіпорындар үшінқажетті инфрақұрылымның қалыптасуына мүмкіндік береді.

                                                                                                            М.ТАБЫН.

«Әділет» партиясының мүшелері елдің энергетикалықәлеуетін арттыру мәселесін талқылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихикезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстанхалқына Жолдауында қазіргі кезеңді «электр дәуірі» депатады. Мемлекет басшысы «Қазақстан өзінің шикізаттықартықшылығын энергетикалық және технологиялықтұрғыдан өрлеу үшін пайдалануға тиіс екендігін, бұл – айрықша маңызды міндет» екенін атап өтті. «Әділет» партиясының мүшелері Айгүл Дүйсенова мен АлмасЖолдасов Ақтөбе қаласындағы «Динар-Электромаш» ЖШС еңбек ұжымымен кездесуде Жолдауда айтылған осы жәнебасқа да мақсат-міндеттерге тоқталды.

Айгүл Дүйсенова Жолдауда энергетика саласын дамытумәселесіне басымдық берілгенін атап өтті. Президент электр энергиясының жеткілікті болуы әр мемлекеттіңбәсекеге қабілеттілігі мен экономикалық дербестігінайқындайтын шешуші факторға айналғанын айтты. Осығанбайланысты Мемлекет басшысы 2029 жылға қарайҚазақстан қуат көзін артығымен өндіретін деңгейге жетуікеректігін тапсырды. Бұл үшін жаңа электр станцияларынсалу, қолданыстағы нысандар мен электр желілерінжаңғырту, таза көмір генерациясын дамыту жәнежаңартылатын энергия көздерін кеңінен пайдалануқажеттігін атап өтті.

— Энергетика – экономиканың барлық саласыныңтұрақты жұмыс істеуіне негіз болатын сала. Электр қуатытапшылығы өндіріс орындарының дамуына, жаңакәсіпорындардың ашылуына және инвестициялықжобалардың жүзеге асуына әсер етуі мүмкін. Сондықтанэнергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту, электржелілерінің өткізу мүмкіндігін арттыру және жаңа қуаткөздерін іске қосу мәселелері өзекті. ПрезиденттіңЖолдауда осы бағыттарға басымдық беруі еліміздің ұзақмерзімді экономикалық дамуы үшін маңызды, – деді АйгүлДүйсенова.

Алмас Жолдасов Мемлекет басшысы айқындағанинфрақұрылым және экономикалық даму, инвестициялықахуалды жақсарту және бизнеске қолайлы жағдай жасау, өнеркәсіпті әртараптандыру, әлеуметтік саясат, ауылшаруашылығын дамуты бағыттары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ ол Жолдауда атом энергетикасын дамытуға, жаңаатом электр станцияларын салуға және осы салаға қажеттімамандар даярлауға ерекше мән берілгенін айтты. Бұл реттежоғары технологиялық өндірістерді дамыту, шетелдіксеріктестермен тәжірибе алмасу және отандықмамандардың біліктілігін арттырудың маңызы сөз болды.

Айта кетейік, «Динар-Электромаш» ЖШС электротехникалық жабдықтар мен кабель-сым өнімдерінжеткізуге маманданған. Кәсіпорын басшысы Сергей Вишняк Жолдауда айтылған энергетикалықинфрақұрылымды дамыту, электр желілерін жаңғырту жәнежаңа қуат көздерін іске қосу міндеттерінің маңызын атапөтті. Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар энергетика саласының тұрақты дамуына және кәсіпорындар үшінқажетті инфрақұрылымның қалыптасуына мүмкіндік береді.                                                                                                           М.ТАБЫН.