Достық пен келісім – Қазақстанның басты байлығы

Қойлыбаев Марат,

Ақтөбе облысының этномедиация кеңесінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты

Қазақстан – бейбітшілік пен татулықты ту еткен ел. Бүгінде елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында өмір сүріп жатыр. Осындай этностық алуандылықта тұрақтылық пен келісімді сақтау – мемлекет үшін ең басты құндылық.
Достық пен келісім – Қазақстанның ең қымбат байлығы. Ол – ел дамуының, қоғамның тұрақтылығының және болашақ ұрпақтың жарқын келешегінің кепілі. Әрбір азамат осы құндылықтарды дәріптеп, бейбітшілік пен татулықты сақтауға атсалысуы қажет.
Қоғамдағы бейбітшілік пен татулық – экономикалық даму мен саяси тұрақтылықтың негізгі факторы. Бірлігі жарасқан елдің болашағы жарқын, іргесі берік болады. Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі де осы құндылықтардың арқасында нығайып отыр.