“Дәуір дефилесі”: Ұлттық киімдер көрсетілімі

Ақтөбе қаласындағы «Өнер» орталығында өткен сән көрсетілімінде елімізге танымал этнограф, үздік шеберлердің туындылары ұсынылып, сатылымға шығарылды.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық киімнің маңыздылығын көрсету, тарихымен таныстыру, ұлттық үлгіде тігілген киім арқылы жастардың бойына отансүйгіштік сезім ұялату. Жастарды ұлттық салт-дәстүрге баулып,  ұлттық киімнің  сән-салтанатын, қадір қасиетін арттыру, қолданыс аясын кеңейту.
Сән көрсетілімінде Алматы, Ақтау, Шымкент және Ақтөбе қалаларының белгілі этнограф-дизайнерлерінің туындылары ұсынылды. Сонымен қатар дизайнерлердің туындыларын сатып алу үшін аукцион ұйымдастырылды.

Арайлым НҰРБАЕВА.

https://aqtobegazeti.kz