Бүгін Ақтөбе қаласының жастары ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады

Ұлттық киім киіп келген жастар бұл күннің маңыздылығын ерекше атап өтіп, дәстүр мен заманауи азаматтық белсенділіктің үйлесімін көрсетті.
Жастардың айтуынша, мұндай маңызды күндерде ұлттық мәдениетті насихаттау – ұрпақтар сабақтастығын сақтаудың бір жолы.

Белсенді әрі саналы жастар – елдің жарқын болашағының кепілі!