«Ауыл аманаты» жобасының іске асырылуы талқыланды

Өткен аптада партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Отырыста «Ауыл аманаты» жобасының іске асыру барысы туралы  мәселелер қаралды.

Бүгінгі таңда ауданымызда «Ақтөбе» ӘКК» АҚ-на жалпы 217 өтінім тапсырылып, 717,2 млн теңге болатын 193 жоба жүзеге асырылуда.  Ал 186 жоба мақұлданып, оның жалпы соммасы  694,7млн. теңгені құрайды.

Нақтырақ айтар болсақ, құс шаруашылығы – 113 жоба 398,0 млн.тг, өсімдік шаруашылығы – 28 жоба 126,7 млн.тг, шағын және орта бизнесті дамытуға – 45 жоба 170 млн.тг.

Оның ішінде 178 жоба бойынша несие берілді, оның  жалпы соммасы 668,8 млн. теңгені құрайды.  Яғни, құс шаруашылығы – 106 жоба 384,6 млн.тг, өсімдік шаруашылығы – 28 жоба 126,7 млн.тг, шағын және орта бизнесті дамытуға – 44 жоба157,5 млн.тг. Осы орайда мақұланданған жобалардың несие берілу үлесі — 95,7 %.

Аталған жоба аясында 8 ауылдық округ құрамында жалпы 92 үлескерлері бар 8 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Оның ішінде 4 кооператив аталған бағдарлама аясында несие алды (СПК «Форель Каргалы», СПК «Бірлік-2022», СПК «Димаш-Агро», СПК «Спутник»).  Қаражаттың жалпы сомасы – 86,0 млн.тг.

Тауарлы несие бойынша 12 шаруашылықтан 33 отбасыға, 5 бас жылқы, 200 бас ірі қара және 230 бас қой берілді.

Сонымен қатар, отырыс соңында аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығының бөлім басшысы Қойшыбай Рсалинге аудан тұрғындары бұл жоба  туралы көбірек ақпарат білуі үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ауылдық елді мекендерге ақпараттық топ құрып, мемлекеттік қолдаудың мүмкіндіктері мен шарттары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ұсыныс берілді.

Қарғалы-АҚПАРАТ.