«Ауыл аманаты» жобасы өз тиімділігін көрсетіп жатыр

«Ауыл аманаты» жобасы – ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын арттыру, жастардың қалаға кетуін тоқтату, ауылшаруашылығын дамыту, сондай-ақ ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында қолға алынған маңызды бастама. Жоба арқылы ауылдағы инфрақұрылымды жаңарту, медициналық және білім беру қызметтерін жақсарту, еңбек нарығын дамыту көзделген.

Бұл жоба еліміздегі ауылдардың дамуына үлкен ықпал ететіндіктен, оның нәтижелері қоғам үшін аса маңызды болып табылады. Ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуы мен әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету арқылы ауылшаруашылық өндірісін жандандыру, азық-түлік қауіпсіздігін арттыру және ауыл шаруашылығының инновациялық технологияларды енгізуіне жол ашылады. Жоба жастар үшін ауылда қалуға ынталандырушы факторларды жасап, олардың білім алуына, өз бизнесін ашуына, жаңашыл идеяларды жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

«Ауыл аманаты» жобасының тағы бір маңызды аспектісі – ауылдағы инфрақұрылымдық мәселелердің шешілуі. Сумен қамтамасыз ету, жолдар, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің жағдайы жақсарған жағдайда, ауылда өмір сүру жағдайы айтарлықтай өзгеріп, ауылға деген қызығушылық артады.

Жалпы, бұл жоба тек ауылдардың дамуына ғана емес, сонымен қатар елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына үлес қосады деп сенеміз.

Нұржан Таженов,

Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы