Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті қарғалылықтар, қарулы күштер жауынгерлері мен

ардагерлері!

    Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!

         Бұл мереке біздің еліміздің Қарулы  күштерінің  қуаттылығын, ұрпақтардың үзілмес байланысын, Отанға деген сүйіспеншілік пен оны қорғауға әзір тұруды бейнелейді.

         Біз өз еліміздің тәуелсіздігін қорғаған аталарымыз бен әкелеріміздің жауынгерлік ерлігі туралы  жүрегімізде қастерлеп сақтаймыз. Бүгінгі күні қолына қару алып,  қазақстандықтардың еркін және бейбіт өмірін қорғап  тұрғандарды да мақтан тұтамыз.

         Жауынгерлік әзірлігі күшті армия – Қазақстанның одан әрі гүлденуінің, біздің азаматтарымыздың бейбіт игілікті өмірінің кепілі. Біздің солдаттарымыз бен офицерлеріміздің ерлігі, жанқиярлығы мен патриотизмі өздерінің мамандығы Отан қорғауға арнаған әскери адамдарға деген шынайы құрметті тудырады.

         Біздің жерлестеріміз сан мәрте елімізбен, көпұлтты халқымызбен бірге жеңістерге жетіп келеді. Мен жас буынның өздерінің даңқты ата-бабаларының лайықты ізбасары болып, кез келген сәтте өз Отанының ұлттық мүддесі мен әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғауға әзір тұратындығына сенімдімін.

         Отан қорғау күнінде біз Отанымыздың еркіндігі мен тәуелсіздігін қолына қару ұстап  қорғағандармен бірге, өзінің еңбегімен еліміздің әскери және экономикалық қуатын арттырып, жас буынды туған жерге деген сүйіспеншілік рухында өсіріп, тәрбиелеушілерді де құрмет тұғырынан көргіміз келеді. Қазіргі уақытта бұл – өз Отанының шынайы патриоттарының рухы күшті азаматтардың да мерекесі.

         Қарғалы ауданының Отан қорғаушыларына және барлық тұрғындарына шын жүректен тұрақтылық, игіліктер, бейбітшілік, ертеңгі күнге сенімділік пен ізгіліктер тілеймін.

Құрметпен,

 аудан әкімі А.Жүсібалиев