Аудан әкімінің 9 мамыр-Ұлы Жеңіс күнімен құттықтауы

Құрметті соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

Қымбатты қарғалылықтар!

Сіздерді Ұлы Жеңістің 79 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, біздердің әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан соғыс  болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.

         Ұлы Отан соғысының оқиғалары, соғыс ауыртпалықтарының барлық зардаптарын иығымен көтерген, содан кейін қираған елімізді қалпына келтірген адамдар туралы естелік мәңгі сақталатын болады. Ол әр кезде де отбасында,  мектеп пен жоғары оқу орындарында, еңбек ұжымдарында әрбір жаңа буынды тынымсыз тәрбиелеудің тақырыбы болып келеді.

         Аға ұрпақтың қолымен  биік көтерілген Жеңіс туы бүгінгі күні де бізді жарқын істерге жетелейді, рухымызды асқақтатады, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі.

Қымбатты ардагерлер!

Сіздер кейінгі ұрпақтарыңыздың жадында мәңгілікке жеңімпаз болып қаласыздар. Сіздердің болашаққа деген сенімдеріңіз және тіршіліктегі қиындықтарды жеңе білу дағдыларыңыз біздің барлығымызға еліктеу үшін үлгі және рухтың берік күші көрініс болып табылады.

         Сіздердің ерліктеріңіз, патриотизмдеріңіз бен төзімділіктеріңіз,  рухтарыңыздың мықтылығы үшін мың тағзым!

         Сіздерге жақсы денсаулық тілеймін, жан-жақтарыңыз шуаққа бөленсін. Отбасыларыңызға бақыт пен ізгіліктер орнасын.

                                                                                       Құрметпен,

 аудан әкімі А.Жүсібалиев