Аудан әкімі Қосестек ауылының тұрғындарымен кездесті

Өткен аптада аудан әкімі Асқар Жүсібалиев аудан тұрғындарымен кездесу кестесіне сәйкес, Қосестек ауылдық округіне іссапармен барды.

Сапар аясында  Қосестек және Сарыбұлақ ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде ағымдағы жылда аудан аумағында атқарылған бірқатар жұмыстарға тоқталып өтті. Сондай-ақ, Қосестек ауылына қатысты өзекті мәселелер жайында сөз қозғап, бірқатар жұмыстардың шешімі табылғандығын жеткізді.

Сонымен қатар, аудан басшысы ауыл халқының маңызды сұрақтарына жауап беріп, көтерілген өзекті мәселелер бойынша тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар берді.

Кездесудің сонында ауыл тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдап,  тиісті мәселелердің шешімі заң аясында қарастырылатындығын айтты.

Қарғалы-АҚПАРАТ.

ТегтерІссапар