Аудан әкімі дарынды ооқушыларды қабылдады

Алғыс айту мерекесі қарсаңында аудан басшысы Нұрлыбек Унербаев облыстық, республикалық, пәндік олимпиадалар мен интеллектуалды сайыстарда, түрлі ғылыми жобаларда жүлделі орын алып, өздерінің білімдерімен топ жарып, аудан мерейін үстем еткен дарынды оқушылармен кездесті.

         Бұл жиынға оқушылармен қатар олардың жетекшілері, яғни  еңбегі жанған ұлағатты ұстаздарда қатысты.

Кездесу барысында ең алдымен аудан әкімі елімізде білім саласын дамытуға ерекше қамқорлық жасалып жатқанына тоқтала келе, аудан абыройын асқақтатып, білім көкжиегінде жарқырай көрінген  өңіріміздің дарынды шəкірттері мен ұстаздарына  ілтипатын білдіріп,  жүрекжарды жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ,соңғы екі оқу жылында біздің ауданымыз білім додаларында  облыстық деңгейде «Үздік команда» атанып, ІІІ орынға қол жеткізуін үлкен жетістікке балап, оқушыларымызды құттықтап, ризашылығын білдірді.

Кездесу барысында аудан басшысы дарынды оқушыларымызбен еркін форматта әңгімелесіп, олардың болашақта қандай маман иесі болуды армандайтындарын және де білім, ғылым, шығармашылық салаларындағы жетістіктері мен болашаққа қойған мақсаттары талқыланды.       Кездесуде сонымен қатар, оқушылар аудан басшысына өздерінің көкейіндегі сауалдарын қойып, еркін сұхбат құрды.

Жиын соңында жоғары нәтижеге қол жеткізген дарынды оқушыларымыз бен оларды білім бәйгесіне дайындаған жетекшілері аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Марапатқа ие болғандар арасында Ауыл олимпиадасының, жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының және «Зерде» ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары бар.

Қарғалы-АҚПАРАТ