Ана — ардақты есім

Ана – жүректе нұр шашқан нәзіктік, жолымызды нұрландыратын нұр, сөнбейтін махаббат. Ол шексіз жанқиярлықтың, жылулық пен жанашырлықтың символы. Оның мейірімділігі мен даналығы біздің өмірімізде жайлылық пен қауіпсіздіктің бірегей атмосферасын жасайды. Жүрегімізде мәңгілік із қалдыратын, жақсы болуға, биік белестерге талпындыратын алғашқы ұстаз – ана. Оның теңдесі жоқ күші мен нәзіктігі оны жердегі нағыз періште етеді.

Бұл мақала дарынды оқушымызды тәрбиелеп отырған бір отбасының ұйтқысы Махаббаттың анасына арналған. Ауылымыздың  үлгі тұтар аналарының бірі, ардақты ұстаз — Бабаниязова Асемгуль Сансызбайқызы. 1979 жылы 21 қараша айында дүниеге келген, жоғары білімді жан. 1999 жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжін, 2006 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік институтын «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша білім алған. Педагогикалық өтілі 23 жыл, «В.И.Пацаев атындағы орта мектебі» КММ-де  бастауыш класс мұғалімі  қызметін атқаруда.

Менің дарынды оқушым — Оралбаева Махаббат Қуанышқызы В.И.Пацаев атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы, анасы – нағыз тәлімгер ата-ана болудың үлгісі. Оның ерекше шыдамдылығы, табандылығы және баласын тәрбиелеу мен дамытуға деген адалдығын Махаббаттың жетістіктерінен көруге болады. Махаббат жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінен қазақ мектептеріндегі «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жүлдемен оралды. Мектептің өзін-өзі басқару ұйымының Президенті, жауапкершілігі мол оқушы. Сынып жетекшісі ретінде мен Асемгуль Сансызбайқызының қызына өсу, даму жолында  көрсеткен өнегесін сырттан бақылап, қызықтағанды ұнатамын. Ана өз үлгісімен тек баласын ғана емес, басқа оқушыларды да шабыттандырып, ынталандырып, білімге деген ерекше көзқарасын көрсетеді. Ол мұғалімдермен сенімді қарым-қатынас жасайды, бұл бізге ортақ мақсат — баланың табысты дамуына қол жеткізуде бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Оның оқу үлгерімі мен баланың жан-жақты дамуы арасындағы тепе-теңдікті таба білу қабілеті ерекше құрметке лайық. Махаббаттың керемет нәтижелерге қол жеткізетініне сенімім оның талантымен ғана емес, сонымен бірге анасының керемет қолдауы мен көңіл бөлуімен де нығая түсті.

Асемгуль Сансызбайқызының педагогикалық жолын айтып кететін болсам, бастауыш мектепте оқыту әдістемесін жақсы біледі, өз жұмысын қызықты әрі нақты құрастырады. Оның сабақтары заманауи талаптарға сай келеді, мақсаттарының анықтығымен, ұсынылған материалдың қол жетімділігімен, әртүрлі педагогикалық технологиялардың элементтерін шебер қолданумен ерекшеленеді. Ашық мінезінің арқасында айналасындағы адамдармен тез тіл табысып кетеді.

Бұл ана – адалдық пен қамқорлықтың үлгісі. Ол өз ісінің тамаша маманы ғана емес, нәзік жар, үш баланың қамқор анасы. Оның мейірімді жүрегі мен шыдамдылығында шек жоқ, әсіресе,  қарашаңырақтағы қарт әкесіне қамқорлық жасауында. Оның жанұясында жолдасымен жылы қарым-қатынасы мен балаларына дана тәрбиесінің арқасында үйлесімділік пен сүйіспеншілік орнайды.

Асемгуль Сансызбайқызына осындай дарынды баланы тәрбиеліп отырғаны  үшін шексіз алғысымды білдіремін!

                                                                А.М.Тукмухамбетова,

 сынып жетекшісі