Алғашқы салымды қазақстандық көкпаршылар салды

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына бақ сынауға келген көкпаршылар «Қазанат» ипподромында іріктеу жарыстарын өткізіп жны Қазақстан және Өзбекстан құрама командасының көкпаршылары бастады. Алғашқы салымды Қазақстан құрама командасынан Құрманбек есімді шабандоз салды.

Тартысты өткен сайыста, қазақстандық шабандоздардың мерейі үстем болып, 16:0 есебімен айқын жеңіске жетті.

Көкпар: Алғашқы салымды қазақстандық көкпаршылар салды
Фото: Ризабек Нүсіпбек
Көкпар: Алғашқы салымды қазақстандық көкпаршылар салды
Фото: Ризабек Нүсіпбек

Айта кетейік, көкпардан 9 мемлекеттің спортшылары өзара мықтыны анықтайды. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы қатысады.

Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 9 қыркүйекте қай спорт түрінен сайыстар өтетінін жазған едік.

kaz.inform.kz