Әлем қолдаған денсаулық күні атап өтілді

Жыл сайын 7 сәуірде бүкіл әлемде 1948 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (World Health Organization,WHO) жарғысы қабылданған күні құрылған Дүниежүзілік денсаулық күні (World Health Day) атап өтіледі.

Бұл күн дәстүрлі түрде денсаулықты күтуге және әртүрлі аурулардың алдын алуға, аудиторияны физикалық және психикалық денсаулықты сақтау үшін негізгі дағдылар мен білім туралы кеңінен ақпараттандыруға арналған.

Биылғы жылы Дүниежүзілік денсаулық күнінің тақырыбы “Менің денсаулығым, Менің құқығым” әр адамның қай жерде болмасын, сапалы медициналық көмекке, білім мен ақпаратқа, сондай-ақ қауіпсіз ауыз суға, таза ауаға, дұрыс тамақтануға, сапалы баспанаға, лайықты еңбек жағдайларына және экологиялық жағдай мен кемсітушіліктен бостандыққа құқығын бекітуге ықпал етеді.

2024 жылғы Дүниежүзілік денсаулық күні аясында мемлекет бойынша медициналық мекемелерде “Ашық есік күндері” ұйымдастырылуда, жалпы білім беретін мектептерде денсаулық сақтау сабақтары, түрлі спорттық жарыстар және денсаулық сақтау дағдыларын қалыптастыруға, жұқпалы емес аурулардың алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған халық арасында ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өтілуде.

Осы орайда өткен сенбі күні Қарғалы аудандық ауруханасында Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау  басқарма басшысының «Менің денсаулығым, менің құқығым» атты ұранмен Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған «Ашық есік» күні өтті.

Бұл күні Қарғалы аудандық ауруханасының денсаулық сақтау мамандары тұрғындарды қабылдады. Қабылдау барысында өтіп жатқан іс-шараның маңыздылығы түсіндіріліп, жаднамалар  таратылып, кеңестер берілді. Терапевт, Эндокринолг, Онколог мамандар қан мөлшері мен дене салмағын анықтап, түсінік жұмыстарын жүргізді. Аталмыш іс-шараға 35-тен аса тұрғындар қатысты.

Сайып келгенде «Дені саудың-жаны сау», «Демі бардың — емі бар» деген мақал-мәтелдердегі адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын күні бүгінге дейін еске салып, «Денсаулығың өз қолыңда!» дегенді ұғындырғандай. Сондай-ақ, ауданымыздағы мектептер мен балабақшаларында да іс-шаралар өткізілді.

Бақыт ИМАШЕВ

ТегтерАШЫҚ ЕСІК