«Зорлық – зомбылықсыз 16 күн!» іс-шарасы басталды

Қазақстанда 25 қарашада бүкіл ел бойынша «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы басталады. Іс-шараның мақсаты-отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Акция барысында аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, сондай-ақ алкогольдік ішімдіктерді теріс пайдаланатын адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеріліп, түсіндіру жұмыстарын өткізеді. Бұдан басқа, үкіметтік емес ұйымдардың  қатусуымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдармен кездесулер өткізу жоспарланған. Акция барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізіледі. Науқан 10 желтоқсанға дейін жалғасады.

Тұрмыстық заңбұзушылық бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған орай Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023 жылғы 1 шілдеден бастап заңға өзгерістер енгізіліп, жауапкершілік күшейтілді.

Егер сіз отбасындағы зорлық-зомбылық фактілері туралы білсеңіз немесе осындай зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, үнсіз қалмаңыз! Сіздің 102 немесе 150 телефон нөмірлеріне хабарласуыңыз сұралады!

 

Жайнагуль МҰХАНБЕТЖАНОВА,

аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы.