Жолдау – болашаққа айқын бағдар

Айнагүл Сүйінғарина,

аудандық музей директоры

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын мұқият тыңдадық. Бұл стратегиялық құжатта ел дамуының жаңа кезеңіне қатысты нақты мақсаттар мен міндеттер көрсетілді.
Білім беру – басты назарда. Президентіміз мектепке дейінгі тәрбие, орта білім беру сапасы, мұғалім мәртебесі, жаңа мазмұндағы оқу бағдарламалары жөнінде маңызды мәселелерді көтерді. Бұл – біз үшін үлкен сенім әрі жауапкершілік.
Әлеуметтік әділеттілік пен жастарды қолдау – Жолдаудың өзекті бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы ел болашағы жастардың қолында екенін атап өтіп, олардың сапалы білім алуына, еңбекке ерте араласуына, кәсіби бағытта дамуына жан-жақты қолдау көрсету қажет екенін баса айтты.
Сонымен қатар, ауыл мен қала арасындағы теңсіздікті азайту, өңірлік даму, экономикалық тұрақтылық, ұлттық қауіпсіздік пен заң үстемдігі жайлы нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.
2025 жылғы Жолдау – еліміздің жаңару жолындағы жаңа кезеңнің бастауы. Біз, білім беру саласының өкілдері, осы Жолдауда айтылған міндеттерді қолдаймыз және оны іске асыруда белсенділік танытамыз.
Ел болашағы – білімді ұрпақтың қолында!