ДАЛА ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

 

 Ала жаздайғы бір-біріне жалғасқан қарбалас тірліктің түйінді тұсы қазан айы болғанымен, жиын-терім әлі де жалғасып, ауыл адамдары тынымсыз еңбек көшін жалғай береді…

Мәселен, биылғы күзгі жаңбыр егіс алқаптарында еркін қимылдауға қол байлау, аяққа тұсау болды. Соған қарамастан аудан егістіктерінде егін орылып, көптеген белгіленген жоба-жоспар жүзеге асырылды.

Солардың бірі ауылшаруашылығы салсының майталман еңбеккерлері шаруаны бір ыңғайлап, өздерінің кәсіби мерекесін тынымды еңбектің жемісімен қарсы алар шақта, біз де аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қойшыбай Рсалинмен хабарласып, тынымсыз еңбектің мән-жайын білген болтынбыз.

-Қойшыбай  Ибрайымұлы, жыл бойғы еңбектің жемісі мен жеңісі барысында айтып өтсеңіз?

-Әр жыл өз ерекшелігімен келеді десек, табиғат тылсымы бізге сыншы. Биыл да сынады. Шама келгенше сыннан сүрінбей өттік деуге  де болады.

-Олай болса, осы мәселені бізге тарқатып айтсаңыз, канша өнім жиналды және  қандай жетістікке жеттік?

-Өте орынды сауал. Өздеріңізге мәлім біздің ауданның жұртшылығы    ауылшаруашылғы өнімін үмітпен күтеді ғой. Талдап айтар болсақ, сіздің сауалыңыз 9 айдың қорытындысына сай келіп тұрғандықтан, осы кезгі атқарғанымызға тоқталайын. Қыруар еңбек адам күшімен бітсе,  оған сондай-ақ, техника да себепші. Аудан бойынша барлығы 233 құрылым болса, оның 24-сі ЖШС, 16-сы ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері, 193-і шаруа қожалықтарының тынымсыз еңбегімен біткен іс. Еңбек күшімен қатар  техниканың да атқарар ролі зор. Осы орайда  биылғы еңбек майданына 52 ауыл шаруашылығы техникалар жабдығын сатып алу арқылы 1,752 миллиард инвистиция құйылды.

Осыған орай ең негізгі қол жеткізген өнім мөлшеріне тоқталып өтейін. 9 айда шаруашылықтарға 437 бас ірі қара, 700 бас қой сатып алынды. Бүгінгі ауыл шаруашылығы бойынша жиналған өнім 32 миллиард 209,5 млн.теңгені құрап, өткен жылғыдан 102,4 пайызға артық көрсеткішке қол жеткіздік. Сонымен қатар, тоғыз айдағы мал басы ірі қара 25867,  жылқы  4 784, ұсақ мал 28 879, шошқа 4 985 бас болса, құс 54 564 басқа жетіп отыр. Өндірілген ет көлемі 7013,9 тонна. Мал басын қыстан алып шығу мақсатында биыл 111,2  тонна шөп дайындалды. Егіншілікке келер болсақ, 2023 жылы 155,5 мың гектар жерге дән себілсе,  дәнді-дақылдар 117,2 га орташа түсімі,  әр га жерге 12,3 центнер. Жалпы түсімі 138,6 мың тонна. Майлы дақылдар егілгені 11,7 мың га, оның ішінде жиылғаны 7,0 мың га өнімділігі 9 ц га. Жиылған өнім 6,7 мың тонна. Бүгінгі күнгі есеп бойынша 96 пайызы  жиналды.  Күздік дақылдар 1,3 мың га өнімділігі 6,7 ц, өнім көлемі 0,9 тонна. Жиылған картоп 1196 га өнімділігі 230,0 ц.га. Бүгінгі өнім көлемі 27 508 тонна. Көкөніс 503 га өнімділігі 220 ц га. Жиналғаны 11066 тонна. Бақша дақылдары 36 га, өнімділігі 210 ц га, жиналғаны 756 тонна. Басшының мәліметіне қарасақ, қай  өнімде болмасын өткен жылғыдан  жоғарғы пайыздық көрсеткіш  байқалады.

Кәсіпкерлік саласы да жылдан жылға дамып келеді. Биылдың өзінде біраз жылжу, бет бұрыс бар. Ауданда шағын және орта бизнес құрылымдары саны 1336 бірлікте өткен жылмен салыстырғанда 5,0 пайызға өсім байқалады. Оның 1022-сі жеке  кәсіпкер жұмыс жасап тұрғаны. 1269 жеке кәсіпкер өткен жылғыдан 5,3 пайызға артық. Шағын орта бизнес құрлымдары 2,775 млн.теңгеге өнім шығарып, өткен жылғыдан 10,2 пайыз артық пайда тауып отыр деуге болады.

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында жалпы сомасы  354 млн. жетсе, 9 айда 8 жаңа бизнес нысаны ашылды. Бір сөзбен айтқанда бизнес саласында 17 жаңа жұмыс орны  пайда  болып, жұмыс жасауда.

Баршаға белгілі «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарлама шаруаларды бір серпілтіп тастады. Біздің ауданға 733,1 млн бөлінген 2,5 пайыздық «Ауыл аманаты» жобасына 194 жоба тапсырылып, оның 187-сі мақұлданса, жалпы сомасы 693,7 теңгені құраса, 652,8 млн теңгеге   175 жоба іске асырылды.

Жалпы қай бағытта да аяқ алыс бар. Осының бәрі күні-түні еңбек еткен ауыл адамдарының жеңісі дер едім. Ендеше, осындай күн-түнге қарамай, еңбек етіп келе жатқан ауыл еңбеккерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап,  ел үшін төккен терлеріңіз бен адал еңбектеріңіз еселене берсін  дегім келеді.

 

Әңгімелескен Бақыт ИМАШЕВ,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.