Ауруханада «Ашық есік» күні өтті

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысымен 2023 жылға бекітілген «Тұрғындарды қант диабеті ауыруы бойынша хабардарлығын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» және Қарғалы аудандық аурухананың бас дәрігерімен бекітілген «Тұрғындар арасында салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру және аурулардын алдын алу» іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдығы жылдың 14 қарашасында Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күніне арналған «Диабетсіз өмір сүру» ұранымен осы аурудың алдын алу мақсатында аудандық аурухананың салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің мамандарының  ұйымдастыруымен  аудандық емханада «Ашық есік» күні  өтті.

Ашық есікке келушілерге аудандық аурухананың эндокринолог дәрігері Сұлушаш Отарбаева дәріс оқып,  маңызды мәліметтер мен кеңес беріп, қатысушыларды толғандырған сұрақтарға тиісті мамандар жауап берді. Өздеріне қажетті ақпараттар алған тұрғындар дәрігердің ақыл – кеңесіне ризашылықтарын білдірді.

Сонымен қатар, келушілер қан қысымы мен қан талдауларының мөлшерін анықтап, қан құрамындағы қанттың мөлшерін анықтады.

Ашық есік күнінің негізгі мақсаты – тұрғындарды қант диабеті ауруының алдын алу және ерте анықтау туралы хабардар ету, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, қолжетімді скринингтік тексерулер туралы ақпараттандыру.

Қарғалы-АҚПАРАТ.