Бірыңғай ұлттық цифрлық экожүйе – AI дамуының іргетасы

Жасанды интеллектіні дамыту тек жаңа алгоритмдер құрумен шектелмейді. Бұл – инфрақұрылымнан бастап, заңнамалық базаға дейінгі кешенді жүйе. Президент Тоқаев бірыңғай ұлттық цифрлық экожүйе құру ісін жеделдетуді тапсырды. Мұндай экожүйе – AI-дың сәтті енгізілуінің басты алғышарты. Оның құрамына сапалы интернет, заманауи дата-орталықтар, сенімді деректер жинау және өңдеу жүйелері, сондай-ақ қауіпсіздік пен этика талаптарына сай заңнамалық негіздер кіреді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, AI-дың әлеуетін толық ашу үшін мемлекет, бизнес және ғылыми орта бірлесіп әрекет етуі тиіс. Қазақстанда осы үш тараптың өзара байланысы күшейген жағдайда ғана біз бұл технологияны өмірдің барлық саласына тиімді енгізе аламыз. Егер инфрақұрылым дайын болмаса, заңнамалық негіз әлсіз болса немесе деректер сапасыз болса, жасанды интеллект жобалары ауқымды деңгейде жұмыс істей алмайды. Сондықтан Президенттің бұл бағыттағы тапсырмалары – тек формалды мақсат емес, нақты экономикалық және технологиялық қажеттілік.
Сағындыкова Мұхтарита, «Қызмет» салалық кәсіподақ Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы




