Мемлекеттік қызметшілер күніне орай аудан әкімінің құттықтауы

Қадірменді мемлекеттік қызметкерлер!
23 – маусым – Мемлекеттік қызметкерлер және Полиция қызметкерлері күні болып аталып өтуде. Бүгінгі мерекелердің мақсаты – мемлекеттік қызметтің дамуы мен өсіп өркендеуіне, еліне, жерін бейбіт күндегі алауыздықтан қорғап жүрген сала мамандарына көрсетілген құрмет.
Мемлекеттік қызметші оның атауы айтып тұрғандай рухани жаңғыруды мақсат тұтқан, бейбітшілікті бағына балайтын мемлекетке, оның халқына мүлтіксіз қызмет жасау керек. Сіздер сол сенімнен шығып, ел үмітін ақтап жүрсіздер деп сенемін және осы бағыттағы оң имиджді қалыптастыру үшін жүйелі жұмыс жасауға шақырамын.
Халыққа қызмет көрсетіп, мұң-мұқтажын тыңдап, мәселелерімен айналысып, шешімін тауып, алғысын алудан артық дүние жоқтығын мемлекеттік қызметші жақсы түсіну керек. Жастық жігері мен білімін осы жолда жұмсағаны оның қастерлі парызы.
Сондықтан мемлекет мүддесіне қызмет атқару абыройлы, әрі жүгі ауыр жауапкершілігі мол жұмыс.
Сіздерді тағы да төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, шаңырақтарыңызға шаттық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін! Елге еңбек етудегі құлшыныстарыңыз арта берсін. Еліміздің қызметіне қосар үлестеріңіз бен үлгілеріңіз мінсіз болып, еліміз аман, елдігіміз мәңгі болсын!
Құрметпен,
аудан әкімі Н.Унербаев