Гендерлік құрылым өзгеріссіз қалды
Қазақстандағы әйелдер саны ерлер санынан бұрынғыдай басым. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша олардың саны жарты миллионға (536,3 мың адамға) артық болды. Пайызбен айтсақ, ерлер үлесі – 48,6% (9 324 840 адам), әйелдердікі – 51,4% (9 861 175 адам).
Алдыңғы санақпен салыстырғанда ерлер саны 1,6 млн, әйелдер саны 1,5 млн артты. Қазақстанда 1000 әйелге 946 ерден келеді.
Бұл ретте ерлердің әйелдерге қарағанда арақатынасы тек екі өңірде – Қызылорда және Түркістан облыстарында көп, онда 1000 әйелге сәйкесінше 1006 және 1027 ер адамнан келеді.