Дербес кассациялық сот құру- заман талабы

2025 жылдың 5 шілдесінде «Қазақстан Республиқасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізілген болатын.
Аталған өзгерістердегі басты жаңалық 1 шілдесінен бастап елімізде дербес кассациялық соттардың құрылуы болды.
Кассациялық соттың негізгі міндеті – сот шешімдерін қабылдау кезінде заңдардың дұрыс қолданылуы мен түсіндірілуінің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл жаңашылдық қарапайым халықтың құқықтарын қорғауға, бостандықтарын сақтауға зор әсерін тигізеді деп күтілуде. Халықтың сотқа деген сенімін нығайтады. Және де реформаның негізгі мақсаты әрбір сот сатысының тиімділігін арттыру.
Кассациялық сот – сот шешімдерін қадағалайтын және түзететін сот жүйесінің бір түрі. Істерді қассациялық сатыдағы сотта қарау белгілі бір негіздер бойынша ғана мүмкін болады. Қассациялық сатыдағы сот шешімдердегі нормалардың сақталуын тексеруге баса назар аударады.
Кассациялық сот заң тәжірибесінде маңызды рөл атқарады және құқықтық жүйенің дамуына ықпал етеді. Оның шешімдері қоғамдағы дауларды шешуде өте маңызды. Мұндай сот жалпы юрисдикциядағы соттар жүйесінде соңғы шешуші инстанция ретінде әрекет етеді. Бұл істі кассациялық сотта қарағаннан кейін шешімге шағымдануға мүмкіндік жоқ деген сөз.
Сондықтан кассациялық соттың шешімі түпкілікті және міндетті болып табылады. Кассациялық сатыдағы сот бірыңғай заң тәжірибесі мен сот практикасын қалыптастыруда маңызы зор. Кассация біркелкі нормаларды белгілеуге, заңнаманы түсіндіруге және үйлестіруге, сондай-ақ кейінгі істер мен сот шешімдеріне үлгі болатын жаңа прецеденттерді жасауға әсер етеді. Кассациялық сот шешімдерінің жалпы заң тәжірибиесінің дамуына орны ерекше. Бұның өзі дауларды тиімдірек шешуге және сот ісін жүргізудің талаптарын сақтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес кассациялық сот жүйесініңдегі үш сатының бірі ретінде Жоғарғы Соттың құрамында өз функциясын атқарып келеді. Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша апеллециялық сот алқасының қабылданған актісі негізінде істерді қайта қарайды. Алайда аталған сатыда барлық істерді қайта қарауға мүмкіндік болмайды. Себебі кассациялық сот алқасы өзінің қарауына жатқызылған сот істер мен материалдарын қарайтын.
Соның салдарынан қылмыстық және азаматтық істердің небәрі 5 пайызы ғана кассацияға жолданатын. Атап айтқанда қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстыр туралы істер бойынша;сот талқылауы барысында шығарылған, сондай-ақ процеске қатысушылардың дәлелдемелерін, өтінішхаттарын зерттеу тәртібі мен тәсіліне, сот отырысының залында тәртіп сақтауға қатысты, мемлекеттік және жекеше айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты мәселелер бойынша үкімді орындауға байланысты мәселелер бойынша және тергеу судьясы шығарған сот актілері кассациялық тәртіпте қарауға жатпайтын.
Әрине мұндай шектеулер азаматтық конституциялық құқықттарың қолдануға өз кедергісін келтірді. Себебі, әркім өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар деп Ата Заңымызда анық жазылғанды. Жоғарыда көрсетілген өзгерістер негізінде кассациялық соттар дербес сот сатысын құру арқылы мұндай мәселені түпкілікті шешуге жол ашылмақ. Бұл өзгеріс терең алдымен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауына барынша ықпал жасау екенін түсінген жөн.
Кассациялық сот – сот жүйесін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады.

Айнур ДЖУНДИБАЕВА,
Қарғалы аудандық сотының төрағасы

 

 

ТегтерЗаң