Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті қарғалылықтар!

  Сіздерді айрықша мереке Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 Халықтар достастығы мен ынтымақтастығын көздеген мамыр мерекесі халықтың тамаша дәстүріне, қазақстандық толеранттылықтың бейнесіне, бейбітшілік пен өзара түсіністіктің символына айналды.

Бірлік пен ынтымақтың ұйытқысы болып, 17-ден астам түрлі этнос өкілдеріне құтты мекен болған Қарғалы жері жылдан-жылға көркейіп, гүлденіп, кемелденіп келеді.

Біздің мақсатымыз – қажыр-қайратымыз бен ертеңгі күнге деген сенімнің бастауы болған ел бірлігін бұдан да әрі көздің қарашығындай қорғау.

Тек татулықтың арқасында ғана біз басымызға түскен сынақтардан сүрінбей өтеміз.

Бүгінде, ынтымағы ырысқа жалғасқан аудан экономикасы, мәдени, әлеуметтік салалары қарқынды дамып келеді. Биылғы жылы да, аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілетін болады.

   Ендеше әрбір аудан тұрғыны осы құндылықтарды үлкен жауапкершілікпен сақтауы тиіс.

Қадірлі жерлестер!

Бұл күн біздің әрқайсымыз үшін бірігу, жаңару, өзара түсіністік пен жасампаз еңбекке, айрықша құрмет символы ретінде сақталып қала беретіндігіне сенімдімін.

     Түрлі халықтың тағдырын тоғыстырған, тұтастығын сақтаған Қазақстан жасай берсін! Тілегіміз – тыныштық пен татулық болсын. Баршаңызға зор денсаулық пен табыс тілеймін!

Шаңырақтарыңыз шаттыққа, ізгілікті істеріңіз береке мен ырысқа толсын!

Құрметпен,

аудан әкімі  Н.Унербаев