«ЕҢБЕК ОЗАТЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан Республикасы «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы және «Жаңа Қазақстан» инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ЕҢБЕК ОЗАТЫ» атты республикалық патриоттық байқауына барлық сала өкілдерін қатысуға шақырамыз!

Іс-шараның мақсаты: Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған жолдауында: Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет. Тағы да қайталап айтамын. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды.

Біз түрлі саладағы мамандарға, қатардағы жұмысшыларға құрмет көрсетуіміз қажет. Бәсекеге қабілетті экономикасы бар озық ел боламыз десек, ең алдымен, адал еңбекті бағалаған абзал. -деп атап өтті.

Осы ретте Тәуелсіздік жылдары адал еңбек етіп, өз мамандығының хас шебері атанып, елеуді еңбек етіп, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.

Республикалық байқауға қатысушылар:

  • Білімжәне ғылым саласының мамандары;
  • ҚРМаслихат депутаттары;
  • Медицинасаласының мамандары;
  • Спортжәне мәдениет, өнер саласының мамандары;
  • Әдебиет-көркем өнер саласының мамандары;
  • Кәсіпкерлер;Есепшілер;
  • Қоғамқайраткерлері;
  • Ауыл-шаруашылықмамандары;
  • Энергетикасаласының мамандары;
  • Ақпаратсаласының мамандары;
  • Заңсаласының қызметкерлері;
  • Әскериқызметкерлер;
  • Экономистер;
  • Мұнайжәне газ кен орындарын игеру саласының мамандары;
  • Әлеуметтікқызметкерлер; Дарынды жастар;
  • Эколог,геолог, табиғи ресурстар, энергетика саласының мамандары;
  • Мемлекеттікқызметкерлер;

Байқаудың шарттары:

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен артық емес өмірбаянын (14 кегл, Times New Roman) жолдауы қажет, сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.) қоса тіркелуі тиіс. Құжаттарды elorda_2023@mail.ru электронды почтасына немесе +7 747 687 71 62 Whatsapp номеріне жолдауы тиіс. 2025 жылдың мамыр айының 10 дейін қабылданады.

Байқау жеңімпаздары арнайы тағайындалған:

  • Арнайытағайындалған «ЕҢБЕК ОЗАТЫ» төсбелгісі;
  • «ЕҢБЕКОЗАТЫ» статуэткасы;
  • Куәлік;
  • Құрметграмотасы;
  • Сонымен қатар қатысушыға қолдау көрсеткені үшінмекеме басшысының атына Алғыс хат табысталады.

Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында конференция түрінде 4 маусымда өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция бағдарламасында ҚР белгілі тұлғалары мен ғалымдардың қолынан төсбелгі және арнайы марапаттар табысталады.

Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/

Инстаграм паракшасы: @bilim_orkeniety

Ұйымдастыру алқасы:

+7 747 687 71 62, +7 747 702 52 62, +7 778 742 74 40

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ЖҰМЫСПЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУІ ҚАЖЕТ

Қатысушының тегі, аты-жөні  
Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы  
Қызмет орнының атауы, лауазымы  
Мамандығы, сала атауы  
Байқау атауы «ЕҢБЕК ОЗАТЫ»
Телефон, ұялы, е-mail.ru  
Сапалы түрлі-түсті ¾ фото  
Мекен-жайы, жергілікті казпочтаның индекс номері