Ақ халаттылар кәсіподақ күнін атап өтті
Биыл 10 қазанда — Қазақстан Кәсіподағы Федерациясының 30 жылдық мерекесі елімізде атап өтілді.
Елімізде тәуелсіздік алғаннан кейін де Кеңес дәуірінде де еңбек адамдарына қорған, қамқоршы болған кәсіподақ ұйымы өзінің өміршеңдігін жоғалтқан жоқ. Әсіресе, соңғы кездерде 1990 жылдары қожырап қалған кәсіподақ ұйымы қайта жандануда. Жұмыс берушімен арадағы ұжымдық келісім шарттан бастап, бірнеше әлеуметтік көмектер көрсетілуде. Әр еңбек адамдарының құқықтарын қорғай отырып, әр еңбеккердің балаларының демалуына да кәсіподақтың қолқанаты зор.
Осы атаулы кәсіподақ мерекесіне орай ауданымыздағы ақ халаттылардың басын қосқан мерекелік жиын өтті. Бұл ұжымда 257 кәсіподақ мүшесі бар. Аталмыш мереке өткен жылы да атап өтіліп, медицина саласына сіңірген еңбектері үшін бірқатар кіші қызметкерлер марапатталған болатын.
Осы орайда өткен аптаның сейсенбісінде емхананың мәжіліс залында аурухана әкімшілігі және кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен мерекелік кеш өтті. Кешті аудандық аурухана басшысы Берік Жаржанов ашып, мерекеге жиылғандарды арнайы құттықтады.
Сондай-ақ, ҚР «Qamgor» Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау кәсіподақ» қоғамдық бірлестігінің Алғыс хаттарын аудандық медицина саласына үлес қосып жүрген қосалқы қызмет саласындағы Гани Құтпанов, Александр Мусихин, Айгуль Уразакова, Наталья Алмышева, Зауре Курбанова, Гүлбахит Габидуллина, Марат Кокеновтарға табыс етті. Одан әрі аудандық ҚР «Qamgor» Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау кәсіподақ» қоғамдық бірлестігі аудандық филалының төрайымы Жазира Сексенбаева сөз алып, кәсіподақ ұйымының маңыздылығы мен атқарып жатырған жұмыстарына тоқтала келе, мерекемен құттықтады. Ең алдымен аудандық ауруханада қызмет жасап, зейнет жасына толған әріптестері невропатолог дәрігер Надежда Роленкоға құрмет көрсетіп, Алғыс хат пен қаржылай сертификат, гүл шоқтарын табыс етті.
Сонымен қатар, кіші салада еңбек еткен 3 қызметкерге Алғыс хаттар табыстады. Осылайша, қарапайым жұмысшылардың әлеуметтік жағдайына қолдау білдіретін кәсіподақ мерекесін медицина саласы мамандары ойдағыдай атап өтті.
Бақыт ИМАШЕВ.