Қазақ тілінде түсірілген мультфильмдер көп болуы қажет – Тоқаев

– Жақында «Шоқан. Қашқария сапары» деген мультфильм шығыпты. Бұл өскелең ұрпаққа әйгілі тарихи тұлға Шоқан Уәлиханов туралы мәлімет беретін өте жақсы туынды деп айтуға болады. Қазақ тілінде ұлттық нақышта түсірілген осындай мультфильмдер көп болуы қажет. Бұл – ұлт болашағына тікелей ықпал ететін мәселе. Сондықтан анимацияны дамыту мәселесін қолға алу керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент қоғамда қызу талқыланып жатқан салық реформасына қатысты пікірін айтты.