«ҚАМҚОРДЫҢ» ҚАМҚОРЛЫҒЫ ҚАНДАЙ?

Өткен аптаның дүйсенбісінде аудандық «Мансап» орталығының басшысы Саясат Спан «Қамқор» акциясы бойынша мекеме ұжымдары мен аудан тұрғындарына  ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бұл акцияның мақсаты — жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу және халықты жұмыспен қамту жолында жұмыстану.

Акция аясында Бадамша ауылдық округі әкімдігі мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұжымдарына арнайы барып, ондағы қызметкерлерге акция аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, кітапхана ғимаратында аудандық ішкі саясат бөлімі, «Сенім» отбасын қолдау орталығы мен ауыл тұрғындарының қатысуымен кездесу өтіп, келушілерге Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмыспен қамтудың белсенді іс-шараларына (қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, «Күміс жас» жобасы) қатысудың ықтимал нұсқалары мен қысқа мерзімді курстар және электронды еңбек биржасы, «Бастау Бизнес» оқуларын оқыту туралы кеңестер беріліп, үлестірме кітапшалар таратылды.

— Акцияның аты айтып тұрғандай, «Қамқор» акциясы Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамыту мақсатында 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдаманы жүзеге асыру мақсатына негізделген. Оған қоса айта кету керек, тұжырымдамада тек еңбек нарығы ғана емес, тұрғындар, т.б басты бағыттар қамтылған. Сондықтан да, бұл акцияның маңызы зор. Осы мақсатта біз қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз гранттар алу, уақытша жұмыс орындары және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек т.б. маңызды ақпараттар жайында түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Сайып келгенде тұрғындар арасында жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу және де жұмыссыздарды жұмыспен қамту біздің басты мақсатымыз. Осы мақсаттағы іс-шараларға ауыл тұрғындарының да белсенділікпен атсалысуға шақырамыз,-дейді аудандық «Мансап» орталығының басшысы С.Спан.

Басқосу соңы  қатысушыларды толғандыратын сұрақтармен жалғасып, одан соң ой пікірге ұласты.

Бақыт ИМАШЕВ

ТегтерАкция