БІЛІМ БӘЙГЕСІНІҢ ЖҮЙРІКТЕРІ

2025 жылдың 6-8 қаңтар аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі  өтті.  Білім додасына біздің  ауданымыздың   оқушылары қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізді.

Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Үш күнге созылған пәндік олимпиаданың облыстық кезеңіне барлығы — 1200 оқушы қатысса, оның 394-і — аудан мектептерінен, ал қалған 635-і — қала мектептерінен, сонымен қатар, 171-і — облыстық білім беру ұйымдарынан.

Білімнің мықтылары сынға түскен республикалық олимпиадада ауданымыздағы №2 Бадамша орта мектебінің  оқушылары алдыңғы қатардан көрініп, нәтижелі жетістіктерге қол жеткізді.

Атап айтар болсақ, физика пәні бойынша  жүлделі І орынды Жансерік Қалдыбаев иеленді, дайындаған жетекшісі — Мая Кумарова, құқық негіздері бойынша ІІ орынды Адилет Байғара иеленді, жетекшісі — Рахима Мусабекова, ал  география пәні бойынша Аят Арыстан ІІІ орынға қол жеткізсе,  Нұрсат Құмар мақтау қағазына ие болды. Оларды дайындаған пән мұғалімі — Сұңғат Отарбаев.

Осылайша, білім бәйгесінде аудан намысын қорғаған оқушыларымыз облыстан олжалы келді.

Қарғалы-АҚПАРАТ