МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНДАРЫ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Мәдениет пен өнер егіз ұғым. Сондай-ақ, өнер мәдениеттің алтын қазынасы. Өнерлінің өрісі кең деп бекер айтпаған. Ал, өнер – халықтың қазынасы, ұлттық құндылығы. Ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып келе жатқан, баға жетпес байлығымызды көздің қарашығындай сақтап, бүгінге жеткізген аға буынның ізін басқан мәдениет және өнер қызметкерлері өз істерін адал атқарып, көрермендерінің көзайымына айналып келеді.

                      

Осы орайда 15 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» атты республикалық патриоттық байқауының марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараға аудандық мәдениет үйінің директоры Нурсултан Бекмуратов  аталмыш ұжымның қызметкерлері Шапағат Аманжол мен Асқат Тулкибаев қатысты. Нәтижесінде  жерлестеріміздің мәдениет және өнер саласындағы атқарған жұмыстары үздік деп танылып,  І дәрежелі дипломмен марапатталып, төсбелгі және куәлік табыс етілді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өткен аталмыш байқауда ауданымыздағы орталық кітапхананың әдіскері Қанат Картбаевта І дәрежелі дипломмен және де төсбелгімен марапатталды.

Жұлдыз КЕНЖЕ.