АУДАН ӘКІМІНІҢ АУЫЛ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСУІ БАСТАЛДЫ
ҚР Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес аудан әкімі мен ауылдық округтер әкімдерінің 2024 жылдың ІІ жартыжылдықтағы ауыл тұрғындарымен кездесуі басталды.
Осыған орай өткен аптада аудан басшысы Нұрлыбек Унербаев пен Ащылысай ауылдық округінің әкімі Асылбек Биманбаев жұмыс сапары аясында Ащылысай және Бозтөбе ауылдарының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында ағымдағы жылдың өткен мерзімі ішінде аудан аумағында атқарылған жұмыстарды атап өтті. Ащылысай ауылдық округіне қатысты өзекті мәселелерге тоқталып, бірқатар жұмыстардың шешімі табылғандығын жеткізді.
Сондай-ақ ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауаптар беріп, көтерілген мәселелер бойынша жауапты мекеме басшыларына тапсырмалар берді.
Кездесу соңында аудан басшысы ауыл тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.
Одан соң аудан әкімінің кезекті жұмыс сапары Әлімбет ауылдық округінде жалғасты.
Тұрғындармен жүздесу барысында аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев ауылдық округтің тыныс-тіршілігімен танысып, сондай-ақ, атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, алда тұрған міндеттерді атап өтті.
Кездесуде ауыл халқының көтерілген мәселелер бойынша заң аясында жауаптар беріліп, бірқатар мәселелерге қатысты жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Сонымен қатар, ауыл халқымен кездесу соңында аудан басшысы жеке сауалдарымен тұрғындарды қабылдады.
Кездесу кестесіне сәйкес аудан басшысының жұмыс сапары 14 қарашада Кемпірсай және Велихов ауылдық округтерінде жалғасын таппақ.
Қарғалы-АҚПАРАТ