Жеке  және заңды тұлғалардың назарына!

Қазақстан Республикасының  «Ветеринария туралы» Заңының 25-бабына сәйкес, жеке және заңды түлғалар кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ет өңдейтін кәсіпорындар, мал сою пункттерінде немесе мал сою алаңдарында союға міндетті.

Белгіленбеген жерде, малдаы союға дейінгі тексерусіз сою адам мен жануарларға ортақ аса қауіпті жануарлар ауруларының пайда болуына және таралуына әкеліп соғуы мүмкін.  Малды сою рәсімі міндетті түрде ветеринариялық дәрігердің қатысуымен өтуі қажет.

Сою пунктерінде  немесе ет өңдеу кәсіпорындарында малды сойған кезде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) нысандардың диагностикасы және ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша ветеринариялық зертханалардың сараптама актісінің негізінде ветеринариялық анықтама етпен бірге жүреді. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы берген анықтамада сынақ хаттамасының берілген күні мен нөмірі көрсетіледі. Малды арнайы сою алаңдарында сойған кезде де ветеринарлық анықтама болуы тиіс. Барлық ет ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткізіледі.

Талаптарға сәйкес сойылған, қажетті құжаттары бар малдың еті мен шикізатын ғана сауда орындарында сатуға рұқсат беріледі. Мұндай шаралар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өнім сапасына кепілдік беруге бағытталған.

«ҚР АШМ ВБжҚК Қарғалы аудандық аумақтық инспекциясы»  ММ