ПРЕЗИДЕНТТІК КӨПСАЙЫСТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

12-13 қазан күндері Хромтау қаласында Жазғы Президенттік көпсайыстан облыс чемпионаты өтті.

Бұл жарысқа облысымыздың командаларынан құралған 60-қа жуық спортшылар өзара бақ сынасты. Осылайша, біздің ауданымыздың спортшылары командалық есепте ІІ орын иеленді.

Жекелей есепте жеңімпаз атанған спортшыларымыз: Ксения Шмальц – І орын, Лаура Каиыржанова – І орын,  Илья Томчук – ІІ орын, Андрей Мороз – ІІІ орын, Микаэла Парсегова – ІІІ  орын, Алина Яковенко – ІІ  орын, Екатерина Павелко – ІІІ орын.

 Қарғалы-АҚПАРАТ