ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Ағымдағы жылдың 2-3 қазан күндері Ақтөбе қаласында Спорт мектептері арасындағы  Жалпы дене дайындығынан облыс чемпионаты өтті. Аталмыш жарысқа Бадамша БЖСМ командасы қатысып, спортшыларымыз  жалпы командалық есепте жүлделі ІІ орынды иеленді.

Жарысқа 6 командадан 80-ге жуық спортшы қатысты. Облыс чемпионатында Бадамша БЖСМ тәрбиеленушілері жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтар болсақ, 2011-2013 жылдары туылған қыз балалар арасында Ксения Шмальц пен 2007-2008 ж.т. қыз балалар арасында Лаура Каиржанова жүлделі І орынды жеңіп алса, Милла Ботнарь ІІ орынды,  Андрей Мороз ІІІ орынды иеленді.

Осылайша, облыстық чемпионаттың командалық есебінде жүлделі ІІ орынға қол жеткізді.

Қарғалы-АҚПАРАТ