ДАРИНА – ЧЕМПИОН

2024 жылдың 11-12 қазан күндері Кипр мемлекеті Ларнака қаласында Самбо күресінен әлем чемпионаты өтті.

Жарыс спорттық және жауынгерлік самбодан кадеттер (14-16 жас), жасөспірімдер (16-18 жас) және жастар (18-20 жас) арасында 55 салмақ дәрежесінде өткізілді.

 

Ларнака қаласында Самбодан өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Бадамша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Дарина Тастаева ІІ орынды иеленіп, күміс жүлдегер атанды.

Аудан абыройын асқақтатып, ел намысын қорғаған Дарина Қазақстанның атын әлемге танытты. Бұл спортшымыздың алғашқы жеңісі емес, бұған дейін де көптеген жарыстарда топ жарып жеңімпаз атанып жүр. Биылғы жылдың мамыр айында Ақтау қаласында өткен кадеттер, жасөспірімдер, жастар және шеберлер арасындағы Азия чемпионатында алтыннан алқа тағынған еді.

Қарғалы-АҚПАРАТ