Тура шешім

Жаксыбаев Жумагазы Кусаинович

зейнеткер

Мен үшін бәрі қарапайым: егер елде электр қуаты жеткіліксіз болса, онда бұл мәселені шешу керек. Бізде адамдар жылыжайды іске қоса алмайды, өйткені электр қуаты жетіспейді. Және бұл бір ғана мысал, ал егер ел ауқымындағы өнеркәсіп туралы айтпағанда, одан да мәз емес жағдайлар бар. Сондықтан атом электр станциясын салу керек, Үнемі бір нәрседен, өзгерістен қорқатын адамдар елімізден тек негативті көріп жүре береді.
Атом электр станциясын салу немесе салмау деген сұрақ мүлдем болмауы керек. Егер бұл еліміздің экономикасы, оның қауіпсіздігі, тұрақтылығы үшін, үнемі тұрақты түрде қажет болса, маңызды болса электр энергиясын міндетті түрде салу қажет.
Әлемде жүздеген реакторлар жұмыс жасайды, соңғы жылдарда атом электр станцияларында апаттар болған жоқ, жаңа станциялар салынып жатыр, тек бізде вакцинация кезіндегідей түрлі қауесеттерді шығарып, ақымақтық жасайды.
Ғылымға сену керек, қараңғылыққа емес.

ТегтерАЭСПікір