АЭС- маңызды жоба

Мұқтасаров Самат Кетебайұлы

Қазір 21 ғасырдың орта шені, технологиялар жыл сайын жетілдіріліп жатыр.    Атомды бейбіт деп атау себебі, ол игілік үшін жұмыс істей алады, АЭС жағдайында. Бұл елдің мәртебесі мен қауіпсіздігі, энергетикалық тәуелсіздігі мәселесі.

—  Біз 20% электр энергияны сатып аламыз. Бұл болмайды! Бізге өзіміздің энергиямыз керек, сондықтан АЭС салуымыз қажет!

—   Қазақстанда 30 жылда бірде-бір жаңа электр станциясы салынған жоқ. Енді барлық тапшылықты өтеу үшін бірден АЭС салуымыз керек

—    Бізде континенталды климат, ВИЭ толық қуатпен және тұрақты жұмыс істей алмайды. Сондықтан АЭС салу қажет.

—   Референдумда бір ғана сұрақ қойылады ― АЭС салуға келісеміз бе? Әрине, келісеміз! Бізге көршілес елдерге тәуелділіксіз тұрақты энергия қажет.

—   Біз өзіміз, өз әл-ауқатымыз туралы ойлануымыз керек. Елдің дамуы туралы. Электр энергиясы болмаса, ештеңе болмайды.

—  АЭС — қазіргі әлемдегі ең маңызды электр энергиясының көздерінің бірі. Бұл технологияның қалыпты жағдайға айналғанын ескере отырып, қорқынышты жағдайды тудырудың қажеті жоқ!

—   Ядролық энергетика дамып жатыр. Қазақстанда жаңа буындағы, адамға да, табиғатқа да қауіпсіз АЭС салынатын болады.

—  Әрине, мен АЭС-ты қолдаймын! Заманауи станцияларға тіпті Боинг те құласа, олар шыдайды деп оқыдым. Егер барлық қауіп-қатер ескерілсе, неге қорқуымыз керек?

—    Адамдар ядролық энергияны басқаруды үйреніп алды. Ол бізге және елімізге пайдалы болуы керек. АЭС керек, оған қарсы болудың қажеті жоқ.

—  АЭС — бұл таза энергияға қол жеткізу, халыққа пайдалы бейбіт атом. Көптеген елдер ядролық энергетиканы пайдаланып жатыр, енді Қазақстан да соны жасай алады. 6 қазан күні референдумға келіп қолдауларыңызды сұраймын.

ТегтерАЭСПікір